Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын егіске кедергі келтіріп тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты диқандар күн ашық кезде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, егіс алқаптарының тең жартысы, яғни 2 миллион гектар жерге дән себілген. Жергілікті агроқұрылымдар 50 мың тоннадан аса дизельді отынды жеңілдетілген бағамен алды. Мамандар «жаңбырға қарамастан, науқанды уақытында аяқтаймыз» деп отыр.
Дәурен Тоққожынов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
-Көктемде желден су топыраққа тез сіңіп кетті. Диқандар екіауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастырды. Ірі шаруашылықтар егістік науқанын 70-80% аяқтады. Өйткені олар жаңа техникалармен жұмыс істейді.