Сылақ жұмыстары пен дәнекерлеу технологиясы бойынша халықаралық байқау басталды

  • 256
  • 26.05.2025, 18:56

Алматыда сылақ жұмыстары және дәнекерлеу технологиясы бойынша халықаралық байқау басталды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінен келген кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысып жатыр. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және кәсіптік техникалық салада тәжірибе алмасу. Бірінші модульде қатысушылар қисық бөлшектерді жинайды. Содан соң оларды әрлеп, бұрыштарды қорғайтын темір орнатады. Мұның бәрі заманауи жабдықпен, жаңа технологиялармен жүзеге асырылады. Бірнеше кезеңнен сүрінбей өткен жеңімпаздардың есімі 30 мамыр күні жарияланады. 

Бауыржан Мұхамеджанов, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары бойынша халықаралық сарапшы:

-Ертең өзінің аймақтарына барған соң өздеренің шәкірттерін де осы дұрыс технологиямен үйретуге мүмкіншіліктері болады. Ең бастысы - қауіпсіздік ережелерін сақтау, дұрыс технологияны пайдалану, тегіс түзу жинау, өлшемдері сәйкес келуі және де түзулік деңгейлері дұрыс болу.