Атырауда Worldskills Atyrau-2025 чемпионаты басталды

  • 142
  • 26.05.2025, 18:50

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өтетін шеберлік байқауына өңірдегі 20-дан аса колледжден, 170-ке тарта студент қатысып жатыр. Жұмысшы мамандықтар жылына орай чемпионатқа айрықша мән беріліп отыр. Бұған дейін 30 құзіреттілік бойынша өтетін. Биыл 44 бағытты қамтиды. Қатысушылардың шеберлігін 100-ден аса кәсіби сарапшы бағалайды. Чемпионат 30 мамырға дейін жалғасады. Үздік деп танылғандар республикалық жарысқа жолдама алады.