СҚО-да алимент төлемеген ата-аналардан 90 млн теңге өндірілді

  • 104
  • 27.05.2025, 18:40

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері алимент төлемей жүрген ата-аналардан 90 млн теңге өндірілді.

Прокуратура қызметкерлері олардың есепшоттарын бұғаттап қана қоймай, қатаң жазалар қолданып жатыр. Мысалы, 9 адам қылмыстық жауапқа тартылып, біреуі бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек алпысынан жүргізуші куәлігі тәркіленді. Енді ол құжат қарызы толық өтеліп болған соң ғана қайтарылады.

Мамандардың айтуынша, қадағалаушы органның «қара тізіміне» 200-ге жуық ата-ана енген.

Әбу-Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары: 

- Нақты тапсырма қойдық. Енді 200-дей ата-анаға реестр бойынша тізім жасап, прокурорлар, полиция, жаңағы жеке сот орындаушылары бәрі соларға шара қолданып жатыр.