Ақтөбеде жас омбудсмендер кеңесі өтті

  • 242
  • 27.05.2025, 18:45

Бұл оқушылар мектептерде балалар құқығын қорғайтын уәкіл ретінде тағайындалған. Оларға балалардың құқықтары туралы дәріс оқылып, құқықтық сауаттылықтық негіздері түсіндірілді.

«Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында өткен кеңеске 24 бала омбудсмен қатысты. Қоғамдық іске бел шеше кіріскен жеткіншектер замандастарының мүддесін қорғай отыра өскелең ұрпақ пен аға буынның арасындағы көпір болуы тиіс. Бұл шара Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында ұйымдастырылған.

Аққалқа Байдуллина, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі: 

- Ересек адамның айтқаны бөлек, баланың айтқаны, өзінің қатарласының, құрбысының айтқаны бөлек. Себебі бұл балалар өздерінің ортасында беделді балалар, өз қатарларының мүддесін білдіре алатын балалар. Сол себептен әрбір бала өзінің құқығын білетін болады, екіншіден құқықбұзушылықтың саны азаяды деген ойдамыз.