Таразда облыстың үздік мейіргерді анықтау үшін байқау өтті.
«MEDSKILLS ZHAMBYL-2025» жарысын облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған. Алғашқы кезеңде болашақ мейіргерлер медициналық мамандықты неліктен таңдағаны жайында таныстырылым жасап, қорғады. Жарыстың екінші бөлігінде қатысушылар стационардағы, емханадағы және үй жағдайындағы күтім көрсетіп, біліктіліктерін көрсетті.
Халықаралық WorldSkills байқауының ережесіне сай студент міндетті түрде ағылшын тілін білуі керек. Жарыс жеңімпазы қыркүйекте Талдықорған қаласында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайды.
Сержан Назарбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:
- Әр байқау кәсіби деңгейді көтеру үшін ұйымдастырылады. Қатысушылардың арасында студенттердің арасында жарыс ұйымдастырып, бір-бірімен жарыстырып қойсақ, онда конкуренция болады. Соның арқасында біз сапаны аламыз.