Жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен қамтылды

  • 118
  • 28.05.2025, 18:19

Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен қамтамасыз етілді. Бұл олардың құқығын қорғау үшін жасалып отыр. 

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов брифингте осылай деді. Әзірге жоба пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар елорда тұрғындары жедел жәрдем көлігінің бағдарын онлайн бақылай алады. Салада жаңа сервис іске қосылды. Қоңырау шалған адамға бірден интерактивті картаның сілтемесі бар хабарлама келіп түседі. Вице-министрдің айтуынша, жаңа жүйе диспетчерлердің жүктемесін жеңілдетеді.

Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Қайта қоңырау шалу мәселері бар. Астана қаласының өзінде 40%. Менің ойымша, Қазақстанның барлық өңірлерінде соның арғы жағы, бергі жағында. Қайта хабарландыру, іздеу. Соны ескере отырып, біз Астана қаласынан басқа өңірлерге де енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазір тиісті жұмыстар өңірлермен және өңірдегі жедел жәрдем көрсететін ақпараттық жүйелермен интеграция жұмыстарын жоспарлап отырмыз.