Онлайн құрбандық шалуға арналған сайт іске қосылды

  • 291
  • 29.05.2025, 18:41

Құрбан айт жақындап қалды. Осы орайда елде онлайн құрбандық шалуға арналған сайт іске қосылды. Qurban.muftyat порталында тұрғындар мал шалуға немесе құрбан етін алуға өтініш қалдыра алады. Сайтта белгіленген баға бойынша қойдың құны 85 мың теңге, ал ірі қара 560 мың теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп құрбан ете алады.

Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ төрағасының орынбасары:

-Құрбан айтқа онлайн тапсырғаннан кейін, оның егесі алмайды. Көбінесе жібереді. Содан кейін қой сойылғаны да көрсетіледі оған. Сөйтіп оған еріктілер барып тарқатып береді. Шариғатқа сай болады. Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін бірінші күні, екінші күні, үшінші күні ақшам уақытына дейін ғана сойылады. Ақшам уақытынан кейін болмай қалады. Түнде сою макрүһ болады. Осы үш күнде құрбандықты шалып біту керек.