Елде шетел банктерінің филиалдары ашылуы мүмкін. Себебі оларға қойылатын талаптар азайған. Сенатта «Қаржы саласына қатысты» заң жобасы қаралды. Онлайн-несие алу шарттары да өзгереді. Енді 150 айлық есептік көрсеткіштен артық сомаға несие алғыңыз келсе, оны өзіңізге рәсімдеу керек екенін растайсыз. Бұл қаржылық алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түзетулер», – дейді қаржыгерлер. Ұялы байланыс операторларына қатысты өзгертулер де бар. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғанымен, екінші оқылымда Мәжіліске кері қайтарылды.
Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
-Күдікті транзакциялар туралы мәліметтерді жедел алмасу үшін ұялы байланыс операторлары мен барлық құқық қорғау органдары Антифрод-орталығына қосылады. Ұялы байланыс саласында азаматтарға биометриялық идентификаттауды жүргізбей, SIM карталарды сатуға тыйым салынады. Бір абонентке SIM карталар санына шектеу, 10 картаға дейін және абоненттік нөмерді басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады.