Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі жоғары. Құтқарушылар сақтық шараларын күшейтіп, Қатонқарағайдағы Сарымсақты шатқалында оқу-жаттығу өткізді. Өйткені дәл осы маңдағы тау басында аса қауіпті 19 мореналық көл бар. Олар арнасынан асса, тау етегіндегі ауылдарға қауіп төндіреді. «Жаттығу мақсаты да, сондай оқыс оқиғаға дайын болу»,– дейді мамандар. Кезекті сценарий бойынша сел жүріп, бірнеше үй мен автожолды басып қалады. Тау арасындағы туристер де зардап шегеді. Құтқарушылар осындай жағдайда жылдам шешім қабылдап, ептіліктерін көрсетті.
Телғат Нұрахмет , «Қазселденқорғау» ММ ШҚО аймақтық пайдалану басқармасы басшысының М.А:
-Сел қауіпі қатты жауын жауғанда не нөсер жауын жауғанда немесе үлкен жер сілкінісінде мореналық көлдер ашылып, сол жеруі ықтиымал. Осы сарымсақты бізде гидробекет орналасқан және төрт, үшмаусымдық гидробекеттер ашылды.