Oyu Fest-ті он мың көрермен тамашалады

  • 331
  • 29.05.2025, 17:16

Заманауи қазақстандық музыка фестивалі Oyu Fest биыл төртінші рет өзінің тұрақты көрермендерін жинады. Алматы маңында өткен ауқымды музыка мерекесіне барғандар сүйікті орындаушыларын жанды дауыста тыңдауға мүмкіндік алды. Oyu Fest-тің бас серіктесі Kaspi.kz биыл екінші жыл қатарынан музыкалық жобаға қолдау көрсетті. 

Oyu Fest әдеттегідей ерекше, бірден өзіне баурап алады. Жарқын түстер, көзге бірден түсетін өзгеше стиль, креатив алаңдар ұтымды ұйымдастырылған. Жобаның 55 түрлі түстен тұратын айдентикасы, яғни брендтік белгісі фестивальдің жеңіл, әрі ойнақы атмосферасын дәл бейнелеген. Жаз маусымын қызықты фестивальмен бастаған қонақтардың да көңіл күйі бөлек.

Абдулла Мадиярұлы, Алматы қаласының тұрғыны

-Oyu Fest өте тамаша өтіп жатыр. Өте жоғары деңгейде. Атмосфера өте тамаша, кешегі жаңбырға қарамастан ауа райы да керемет болып тұр. Өте ризамын. Көңіл күй өте жоғары.

Айсұлу, Алматы қаласының тұрғыны:

-Өте қатты ұнап жатыр. Келгеніміз қазір ғана. Біз осы қазақи нақышта киініп, қазақша оюларды трендке айналдырып, соны қолдау үшін келдік. 

Oyu 2021 жылы Орталық Азияның, әсіресе Қазақстанның заманауи музыкасын зерттеуге арналған жоба ретінде дүниеге келген. Алғашқы күндерден-ақ жас музыканттардың танылуына мүмкіндік берген жоба бір жылдан соң ауқымды Oyu Fest-ке ұласты. 2024 жылы Kaspi.kz Oyu жобасының бас серіктесі атанып, оны жаңа деңгейге көтерді. Биыл да музыкалық жобаны қолдап, қонақтар үшін интерактивтер, мейкап бұрышы, glam-bot робот-камерасы бар видеоаймақ дайындады. 

Алина Қуанышбек, Алматы қаласының тұрғыны:

-Фестивальге бірінші рет келіп тұрмын, алдыңғы жылы келе алмай қалғанмын. Өте қуаныштымын, маған бәрі ұнап жатыр. Тырнақ та жасатып үлгердік, макияж да жасатып үлгердік. Бәрі ұнап жатыр, қуаныштымын, бізде Алматыда осындай фестивальдің барына. Өзім қатты жақсы көремін, музыка, видео, стиль сондай барлығын. Каспийге көп-көп рақмет осындай мүмкіндіктер беріп жатыр. 

Мақпал Исаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Фестиваль бізге қатты ұнап жатыр және өте заманауи стильде. Біз енді Дос-Мұқасанды көруге келдік бүгін негізінде. Бірақ мына жерді аралап шықтық. Қазақы мен заманауиді араластырып жасаған және де жастар өте көп. Oyu деген аты айтып тұр ғой, жастар оюлы киіммен, оюлы әшекей тағып жүргені көңілімнен шығып жатыр. 

Әрине, ең бастысы ол Oyu Fest-тің сахнасы. Биыл фестивальде жас орындаушыларға басымдық берілген. Басты мақсат - қазақстандық музыканың дамуына мүмкіндік беру. Сахнада Yenlik, ALPHA, Kezen, Daiynball, jeltoksan, dudeontheguitar, Shiza, 6ELLUCCI, Orynkhan өнер көрсетті. Ал аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы Oyu Fest-тің басты хедлайнері болды.

Daiynball тобы:

- Бір жағынан қатты шаршадық. Екінші жағынан кәдімгідей күш-қуат алдық. Сахнадан да, келген халықтан да. Өте әдемі болды. Oyu, Kaspi рақмет, my love.

Нұрбек Елемес, Dudeontheguitar:

-Соңғы өлеңді, жаңадан шығарған ән, халыққа көрсетіп, бірден энергиясын сезінген де бақыт. Oyu Fest деңгейді көтеріп тастады, Енді өзіміз өз қазанымызда қайнауымыз керек.

Oyu Fest - шынайы эмоция алаңы. Бұл айрықша стиль, өзгеше талғам қалыптастыратын орта. Заманауи жанрдағы музыканың өз орны, өз тыңдарманы бар екенін көрсететін кеңістік. «Идеясы бар, философиясы терең фестиваль халықаралық деңгейге көтерілсе», - дейді Oyu Fest көрермендері. Қазақстандық заманауи музыканың ауқымды фестивалі - кезекті Oyu Fest Kaspi.kz -тің қолдауымен 28 маусым күні Астанада өтеді.

Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов