Орталық Азия елдерінің басшылары Астанаға келді

  • 210
  • 30.05.2025, 18:46

Орталық Азия елдерінің басшылары Астанаға келді. Оларды премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды. Алдымен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, кейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, одан соң Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді. Мемлекет басшылары «Орталық Азия - Италия» саммитіне қатысу үшін елордада бас қосты. Мәртебелі меймандарды Үкімет басшысы Астана әуежайынан күтіп алды.