Елде балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарлама әзірленіп жатыр

  • 188
  • 30.05.2025, 18:40

Елімізде балалардың құқығын қорғауға бағытталған жаңа ұлттық бағдарлама әзірленіп жатыр. «Қазақстан балалары» бағдарламасы білімге қол жеткізу, балалардың денсаулығын нығайту, олардың қауіпсіздігі, отбасы рөлін күшейту сынды бағыттарды қамтиды. Бұл туралы брифингте Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Бұдан бөлек, сапалы білім алуға сеп болатын «Келешек» ерікті жинақ жобасы іске асырылып жатыр. Бұл мемлекеттік білім грантына қосымша қаражат жинауға, мамандық меңгеруіне немесе тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде мектеп асханаларына арналған жаңа стандарттар дайындалды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп бекітілген бұл стандарттар 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі. 

Еділ Оспанов, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

-Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігі Парламент Сенатының депутаттарымен бірлесіп ерекше оқу қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған кешенді қолдау көрсету жөнінде заң жобасын әзірлеу үстінде. Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер балаларды қорғауға шақырамыз, әр баланың сүйікті ата-анасы мен мекенжайы болсын!