Алматы облысының құтқарушылары балаларға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретті. Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері туралы айтты. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» республикалық акциясы аясында тағы да басқа танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қалалық жағажайда өткен жиынға мектеп оқушылары қатысты. Олар «Құтқарушылар балалардың көзімен» атты сурет байқауында бағын сынады. Қызметтік иттердің қатысуымен өткен көріністі тамашалады. Арнайы техникалар көрмесіне қойылған құрал-жабдықтармен танысты. Құтқарушылар мұндай шаралар қауіпсіздік мәдениетін арттырып, балалардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын алуға көмектеседі дейді.
Салтанат Мұратова, оқушы:
-Пожарный частьта болдық соны көрсетті, қалай өртті сөндіретінін көрсетті. Өте жақсы шара деп санаймын. Оқушыларға ол қажетті деп ойлаймын. Оқушыларға өте қызықты және танымды болды деп ойлаймын. Көп рақмет!