Атырауда Worldskills чемпионатының облыстық кезеңі аяқталды

  • 203
  • 30.05.2025, 18:06

Атырауда Worldskills чемпионатының облыстық кезеңі аяқталды. Дәстүрлі түрде өткізілетін сайыста 44 құзіреттілік бойынша 170 студент бақ сынады. Олардың жұмысына 60-қа тарта сарапшы баға берген. Үздік атанған 52 қатысушы республикалық чемипонатқа жолдама алды. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттердің біліктілігін арттырып, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатындағы жарыс өңірде биыл оныншы рет өткізіліп отыр. 

Орынгүл Нысанбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:

-Биылғы жылы 2 құзыреттілік қосылды бізде. Мұнай саласы бойынша бұл Жылыой ауданындағы мұнай компаниясының базасында өтті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сән үлгісіндегі құзыреттілік бойынша өтті. Бұған Атырау сервис колледжінің студенттері қатысты. Сонымен қатар 44 құзыреттілік бойынша әр балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп, бақ сынасып, әртүрлі тапсырмалар бойынша бақ сынасты.