Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғындары толықтай ауызсумен қамтамасыз етілетін болды. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан су құбыры желілерін тартуға 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асып отыр. Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған. Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған