Іле Алатауындағы гидрологиялық бекеттерге капсула үйлер қойылды

  • 225
  • 02.06.2025, 18:56

Бұл баспаналар биік таулы аймаққа арналып жасалған. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың айтуынша, бірегей жоба сел қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Капсула үйлер елімізде алғаш болып Түрген және Үлкен Алматы өзендерінің бойындағы екі гидробекетке орнатылды. Су деңгейін бақылайтын қызметкерлер мұнда қысы-жазы болады. Тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Олар бұған дейін ескі үйлерде тұрған. Ал жаңа капсула үйлер, заманға сай жасалған. Аумағы 24 шаршы метр. Ішінде жұмыс істейтін орын, жатын және жуынатын бөлмесі бар. Жылу мен жарық автономды түрде беріледі. Қыста жылы, жазда салқын болады. 

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі :

- Алғаш рет осындай форматта бекеттеріміз ашылып жатыр. Қазселденқорғау мекемесі бойынша бұған бізге мүмкіндік берген бизнес өкілдері. Бірінші қадам осы жақын арадағы жаз мезгілінде, күзде және қыста қараймыз. Қалай болады біздің қызметкерлер тарапынан олардың ой-пікірін естіп, ары қарай қай жолмен жүретінімізді шешім қабылдайтын боламыз.