Жамбыл облысындағы ауыл оқушылары заманауи біліммен қамтылды

  • 148
  • 03.06.2025, 18:47

Жамбыл облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде оның 4-еуі қолданысқа беріліп, оқушылар білім алып жатыр. Солардың бірі Сарыкемер ауылында ашылған. Мектеп бір жыл бұрын қолданысқа берілсе де, оқушылары едәуір жетістікке жетті.

Жамбыл облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарлаған. Бүгінде оның 4-еуі қолданысқа беріліп, оқушылар білім алып жатыр. Солардың бір Сарыкемер ауылында ашылған ағарту ошағы. Мектеп бір жыл бұрын қолданысқа берілсе де, оқушылары едәуір жетістікке жетуде. Осылайша жаңа мектеп қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға өз әсерін тигізіп жатыр.

Сарыкемерлік оқушылар сабаққа осындай озық технологияларды қолданып білім алады. Бүгінде ауылдағы «келешек мектебінде» 54 ұстаз 721 шәкіртке білім береді. Жаңа мектеп Сарыкемер мектеп-гимназиясы мен №1 мектеп-гимназиясындағы үшауысымдылық мәселесін шешті. Мұнда 33 оқу кабинеті болса, математика, физика, химия, биология сыныптары заманауи зертханамен жабдықталған.

Ғайни Қайрат, оқушы:

- Бұрынғы мектепте мүмкіншілік аз еді. Ал қазіргі мектепте бізде көбінесе технологиялар бойынша осы мектепте жақсы дамыған. Мысалға, біздегидропоника аппараты бар. Химия кабинеттерінде және физикакабинеттерінде оқуға керекті көптеген құралдар бар. Ал бұрынғы мектепте тәжірибелерді тек қана видеомен көрсететін. Телефон, ноутбуктан көрсететін. Біз оны көзімізбен көріп, қолмен ұстап жасай алмайтынбыз. Ал қазір осы мектепте сол мүмкіндіктердің бәрі бар.

Оқушылар үшін ауқымды асхана, спорт залы мен лингофонды кабинеттер және шеберханалар бар. Сабақтан тыс уақытта коворкинг орталықтарында ойын ойнап, демалу қарастырылған. Заманауи кітапхана мен акт залы да балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізуде. Оқушыларға жасалған жағдай 1 жыл ішінде нәтижесін беріп отыр. 400-ден аса жеткіншек облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олипиадаларда жүлдегер болған. Ал волейболдан 13 жасқа дейінгі мектеп құрамасы республикада жеңімпаз атанды.

Өсер Нұрбаев, Сарыкемер ауылының тұрғыны:

- Болашағымыздың жақсы болуына жасалған нәрсе ғой. Жастардың өсуіне заман талабына сай тәрбиеленіп, азамат болып шығуына үлкен жағдай жасайтын мектеп деп есептейміз.

Байзақ ауданында өткен оқу жылында 22 оқушы «Алтын белгі» алса, биыл 44 үміткер тіркелген. Бұл педагогтердің ерен еңбегінің арқасында жеткен нәтиже, - дейді білім бөлімінің басшысы.

Нұрболат Мамырбаев, Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы:

Басқа аудандарға қарағанда бізде 64 педагог-шебер бар. Шеберлердің көп болуы – соңғы кездері материалдық-техникалық жағдайымыздың жақсарғанының дәлелі. Мысалы, 2024 жылғы 1 қыркүйекте облысымызда «Жайлы мектеп» жобасы алғаш рет қолданысқа берілді. Сонымен қатар, биыл Сарбарақ ауылында 100 орындық мектеп салынып, пайдалануға берілмекші. Аққия ауылында да 100 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.

«Келешек мектептері» білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына да септігін тигізеді. Бүгінде «Еңбек адал жас өрен» жобасы аясында балаларға сабын жасау технологиясы, сыпыра тігу, үй шараушылығына қажетті заттарды тігіп сатуды үйретуде.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә