Жиында балалар мен жасөспірімдер психологиясындағы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ инклюзияны дамыту және буллингке қарсы күрес бағытындағы шаралар сөз болды. Ал Италия, Испания, Словения мен Өзбекстаннан келген сарапшы мамандар тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл ретте Қазақстанда балалармен жұмыс істейтін психологиялық ғылыми ортаның қалыптасып келе жатқанын атап өткен жөн. Қазір білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың біліктілігін артыру және жаңа әдістемелерді меңгеруіне басымдық беріледі. Еліміздің барлық облыстарында психологиялық қолдау орталығы құрылған. Онда 700-ден астам маман жұмыс істейді.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
- Жас жеткіншектер арасындағы психолог мамандардың қажеттілігі едәуір үлкен. Өйткені жастарымыз үлкен технологиялық, әлеуметтік өзгерістер кезеңінде өмір сүруде. Ол біздің балаларымыздың психологиялық денсаулығына өзінің әсерін тигізбей қоймайды. Әсіресе балалардың психоэмоционалдық өмірге дайындығы, ата-аналармен қарым-қатынас мәселесі өзекті болып отыр.