Енді мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде адамның отансүйгіштігін, ашықтық қасиеттерін басты назарға алу заңды тұрғыда бекітіледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасында мемлекеттік қызметтің міндеттері мен талаптары жаңаша айқындалғанын атап өтті. Сондай-ақ енді мемлекеттік қызметке іріктеу цифрлық форматта өтеді. Кандидат жайлы дерек бос орын жарияланғаннан конкурстық комиссияның шешімі шыққанға дейін құпия болады.
Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
- Әңгімелесу процесі болмайды. Сұхбаттасу деген арнайы кезеңді қарастырып отырымыз. Ол жасанды интеллект арқылы болуы ықтимал. Сондықтан агенттік қазір заңды толықтай жүргізумен қатар цифрлық мәселелерді де шешуде.