Бұрын-сонды болмаған патриоттық инсталляция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұсынылды. Ал 13:00-ден бастап «Бәйтерек» монументі алаңында музыкалық аспаптар тобының орындауындағы танымал композициялар шырқалып, ұйымдастырушылар жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Одан кейін көрермендер викториналық ойындарға қатысып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, сағат 19:00-де «Нұржол» бульварында «Домбыра пати» өтеді.
Сәкен Есіркеп, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
- Бұған дейін біздің рәміздерімізге қатысты талаптар бір қатаңдау болатын. Кез келген азамат туды балконына ілуде мәселелер туындайтын. Бірақ соңғы екі жылда Мемлекет басшысы өзі айтып, Мемлекеттік туды, рәміздерді кеңінен пайдалану керек, ел азаматтарының патриоттық сезімін білдіруге мүмкіндік беру керек деп айтты. Сондықтан әрқашан туымыз төрімізде болсын!