Суды үнемдемейтін шаруаларға субсидия азаяды

  • 133
  • 04.06.2025, 18:46

Су үнемдеу технологиясын пайдаланбайтын шаруаларға субсидия азаяды.

Биыл ауа райының жылы болуына байланысты вегетациялық кезең 20 күн ерте басталды. Оңтүстік өңірлерде топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз. Егістікке қажет су екі есе көп қолданылып жатыр. Бұл суармалы су көзіне қосымша жүк болды, - дейді сала мамандары. Мұндай жағдайда бүркіп немесе тамшылатып суару әдісін көбірек енгізу маңызды. Сондықтан мемлекет үнемшілдікке бет бұрғандарды қолдайды.

 Берікбол Мәндібаев, ҚР СРИМ Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры:

- Су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруалар бүгінгі таңда 60 пайыздан 80 пайызға дейін алған су үшін субсидия алады. Ал суды пайдаланған кезде су үнемдеу технологияларын пайдаланбайтын шаруалардың субсидиясы 2024 жылдан бастап 50 пайыздан 75 пайызға төмендеді, 2026 жылы 30 пайыздан 55 пайызға төмендейді.