Түркістан облысында 1 млн шаршы метрден астам үй пайдалануға беріледі

  • 135
  • 04.06.2025, 18:41

Биыл Түркістан облысында 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Оның ішінде 600 мың шаршы метрден астамы жеке сектордағы, 410 мың шаршы метрі көпқабатты тұрғын үй. Жауаптылар биыл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы» банкі арқылы кредиттік жүйемен 2 мың 138 пәтер үлестірілетінін жеткізді. 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен берілетін бұл пәтерлерді мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер мен тұрақты табысы бар кез келген отбасы ала алады.

Тұрмысы төмен, осал топтағы азаматтарға 578 жалдамалы пәтер тапсырылады. Жыл басынан «Отбасы» банкі арқылы үй кезегінде тұрған 300 отбасы баспаналы болды. Қалған отбасылар жыл соңына дейін алады

Абай Нұрханов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Жергілікті органның кезегінде тұрған азаматтар осал топтағы мүгедектер, көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, осал топтағылар кіреді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер кіреді. Осы кезекте тұрған азаматтар ала береді.