11 шілде Дүниежүзілік жылқы күні болып белгіленді

  • 125
  • 05.06.2025, 18:43

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік жылқы күнін белгіледі. 169 ел қолдап қабылданған қарарға сәйкес ол 11 шілде болып бекітілді. Қаулы авторлары жылқы шаруашылығы экономикалық даму мен адамның күнделікті тұрмысы үшін үлкен маңызы бар екенін атап көрсеткен. Сарапшылардың есебінше, қазір әлемде 57 миллионнан астам жылқы бар. Соның шамамен 5 млн-ы Қазақстанда. Бұл бұрынғы уақытпен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Арнайы күнді белгілеу арқылы халықаралық қоғамдастық бұл салаға назар аударып, дамуына оң ықпал етеді деген үміт бар. Бір кездері негізінен мініс құралы болған ат қазір бәйге, көкпар сияқты спорт түрлері мен қатар туризм саласында кеңінен қолданылады. Сондай-ақ жұмыс орындарын құрып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда.