Елорданың бас мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

  • 71
  • 06.06.2025, 18:30

Барша мұсылман таң атысымен мешітке жиналып, Құрбан айт намазын оқыды.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты. Расында «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл күндері Аллаға ұнамды әрі ең сүйікті амал – құрбан шалу. Материалдық мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Құрбан шалу кезінде қоршаған ортаны ластамай, тазалық сақтауға да ерекше мән беру қажет. Ол үшін еліміз бойынша 60 арнайы мал сою орны әзірленді. 

Алдағы үш күнде тек ет таратумен шектелмей, жағымды сөз, жылы тілек те айтылуға тиіс. Сондай-ақ аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жолын ұстанады. Айт күндері туысқанның басын қосып, қарым-қатынасты күшейткен абзал.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти: 

- Айт күні мереке болғаннан кейін бұл күн әр мұсылманның жүзінен мерекелік көрініс көрінуі тиіс. Мұсылман дінінің кереметтігі – сонда әр мерекеде мұқтаждар ескеріледі. Оның терісі, еті Аллаға жетпейді. Адамның ниеті жетеді. Адамдарға азық ретінде үлкен қолдау болады.