Құрбан айтта сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын берген абзал. Жанашыр, бауырмал болып, ізгілікке ұмтылған дұрыс.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан халықты осындай ізгі амалдар жасауға шақырды. Мегополистегі барлық мешітте айт намазы оқылды. Мешіттерге жақын жерде құрбан шалатын 12 арнаулы орын ашылды. Діни шаралардан бөлек, мерекелік бағдарлама жоспарланған. Атап айтқанда, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өтіп, мықтылар жүлдеге ие болды. Сонымен қатар мешіт қызметкерлері балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстап, оларды айт мерекесімен құттықтайды.
Айта кетейік, айт мерекесі өркениетке ұмтылу, қоршаған ортаға қамқорлық, тазалық, адалдық, жауапкершілік пен ұлтаралық татулық сияқты адами құндылықтарды насихаттайды.