Алматы облысындағы «Шаған тоғай» саябағы қайта жанданды

  • 72
  • 06.06.2025, 18:40

Алматы облысының Шелек ауылында «Шаған тоғай» саябағы жаңартылып, жергілікті тұрғындардың пайдалануына берілді. Бұл шағын табиғи қорық көп уақыт бойы күтімсіз қалған. Қалпына келтіру бастамасын ауыл тұрғындары көтерді.

Саябақты жаңарту жұмыстары былтыр басталды. Саябақ табиғи шаған тоғайының негізінде абаттандырылды. Мамандар табиғи ландшафт пен жасыл желекті сақтап қалды. Қалпына келтіру барысында жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, арнайы тынығу алаңдары, орындықтар және жарық шамдары орнатылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін саябақтың барлық аумағында бейнебақылау камералары қойылды. Қазіргі уақытта саябаққа ресми атау беру мәселесі қарастырылуда.

Әбілбек Айтақынов, ауыл тұрғыны:

- Жаңа талапқа сай, жаңа саябақ керек болды. Біз осы мәселені көтеріп, әр жиын сайын айтып, ақыры осы нақты соңғы нүктесіне келдік. Ендігі мақсатымыз — осы саябақты күтіп ұстау, оны мәдени көрікті жерлердің біріне айналдырып, ауылымызда нағыз тәрбие ошағын құру.