Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті келтірген мәліметтерге сәйкес, 2022-2024 жылдар аралығында 12,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Айта кету керек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ашық бөлудің тиімді қадамдары мәліметтерді цифрландыру және электронды конкурс болса, бүгінге дейін 205 млн гектардан астам алқап цифрландырылған. Сонымен 2022-2024 жылдар аралығындағы қайтарылған жерлердің жайына қайта тоқтала кетсек. Жиыны 12,2 млн гектар қайтарылды. Оның 5,9 млн гектары қайта бөлінді. Оның ішінде 2 млн гектар жер мал жаю үшін ортақ пайдалануға берілді және 4 млн гектарға жуық жер конкурстық негізде таратылды. Ал биыл жыл басынан бері 1 млн гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне алынды.