Кибербуллингтің алдын алу, жеткіншектердің цифрлық қауіпсіздігін қамту мәселелері бүгін Астанада талқыланды. Жасөспірімдерге арналған аккаунттар енгізу ұсынылып отыр. Бұл Meta компаниясының түрлі елдерде жүргізген зерттеулер нәтижесінде әзірленген жоба. Ол арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықталмақ. Мамандардың айтуынша, баланың әлеуметтік желідегі парақшасына жазылмаған адамдар, оның жеке контентін көре алмайды және оған хабарлама жібере алмайды. Сондай-ақ жасөспірімдер телефонды 60 минут қолданған соң үзіліс жасалады. Ал түнгі сағат 22:00-ден таңғы 7-ге дейін барлық хабарламаға тосқауыл қойылып, «Ұйқы режимі» қосылады. Сәйкесінше желідегі ақпараттардың пайдалы контентін көруіне мүмкіндік беріледі.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Статистикаға жүгінсек, 15% жағымсыз контенттерге ие болады екен. Соның ішінде балалардың 60-70% әртүрлі достар тауып алып жатады. Ол достардың ішінде жасына сәйкес келетіндері бар, келмейтіндері бар. Осы мәселеге Мета компаниясының бірігіп, ҚР аумағында балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің қандай мүмкіндіктері бар, соған тосқауыл қоятын қандай мүмкіндіктері бар, сонымен қатар балалардың интернет сауаттылығын көтеру мәселелері талқыланып жатыр.