Протезге зәру жандардың жағдайы қиындауы мүмкін.
Сенат депутаттары жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге алаңдаулы. Онда протездеу сынды медициналық қызметтерге 16 пайыз қосымша құн салығы қосылуы ықтимал. Бұл онсыз да қымбат протез бағасының шарықтауына әкеледі. Ал қазір қалыптасқан жағдайда мемлекет беретін өтемақы заманауи, сапалы протездерге жетпейді, - дейді халық қалаулылары.
Жалпы елімізде 737 мың мүгедектігі бар адам бар. Оның 13 пайызына протез қажет.
Ләззат Қалтаева, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі кенесінің төрайымы:
- Қосымша құн салығының қосылуы протездердің бағасына ғана емес, сапасына да әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда өндірушілер бағаны қатты көтермеу үшін арзан материалдарды қолданады. Біз бұған жол бермеуіміз керек.