Астанаға жеңіл рельсті көлік жеткізілді

  • 160
  • 11.06.2025, 18:45

Екі вагоннан тұратын құрамды №101-ші станцияда көтеру жұмысы сәтті жүргізілді. Енді мұнда LRT жүйесін сынақтан өткізу кезеңі басталғанша тұрады. Сынақ алдағы күзге жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, жұмыс тиісті кестеге сай жүріп келеді. Ал жеңіл рельсті көлік құрамын көтеру - жоспарлы шаралардың бірі.

Айта кетейік, LRT жобасы заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұған дейін қажетті мамандарды даярлау ісі қолға алынғаны хабарланған еді.