16 маусымнан бастап елде ипотеканың шекті пайыздық мөлшерлемесі 20%-ға дейін төмендейді.
Бұған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысы негіз болды. Сөйтіп банктер ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20%-дан асырмауға тиіс. Шекті мөлшерлеме жаңа ипотекалық келісімдер мен қайта қаржыландырылған шарттарға да қолданылады. Бұған дейін ол 25%-ға дейін баратын.
Мамандар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне пайыз ғана емес, комиссия, сақтандыру және өзге де төлемдер кіретінін ескертті. Ал жаңа талап артық төлем сомасының азаюына және ай сайынғы төлемдердің төмендеуіне себеп болады. Ең бастысы, ипотекалық тұрғын үй несиелері қолжетімді бола түседі.