Елордада оқушыларды кәсіби бағытқа бейімдеу мәселесі көтерілді

  • 110
  • 12.06.2025, 18:53

Жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өндіріске оқу орындарымен бірігу керек. Тәжірибеге тек колледж студенттерін емес, жоғары сынып оқушыларын тарту да маңызды. Бүгін елордада өткен форумда мамандар осындай пікір білдірді. Айтуларынша, мұндай шешім нарық сұранысына сай кадрларды жастайынан даярлауға мүмкіндік береді.