Елде 13 мың шақырым автожол жөнделеді

  • 103
  • 13.06.2025, 18:33

Елімізде 6 әуежай жаңғыртылып, салынып жатыр. Биыл 13 мың шақырым автожол, 6,1 мың шақырым теміржол жөнделді.

Бұл туралы Олжас Бектеновке көлік саласындағы инвестициялық жобалар кеңесінде Көлік министрлігі мәлім етті. Бүгінде «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жол құрылысы, Алматы стансасының айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі салынып жатыр. «Қызылжар – Мойынты» учаскесінде де жұмыс басталды. Сондай-ақ автожол саласында «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелерінде де іске кірісті. Авиацияда Қатонқарағай, Зайсан, Кендірліде үш жаңа әуежай салу, сондай-ақ Арқалық қаласындағы әуежай қалпына келтірілмек. Ал Павлодар, Балқаш әуе айлақтарында инфрақұрылым жаңғыртылады.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жолдың бойына автоматты түрде өлшеу компастарын қойып жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызды жолдардың бойында 27 дана орналастырылған. Биылғы жоспарымыз 25, оның 12-сін қазірдің өзінде орналастырып жатыр. Ол жүк көлігі ауыр салмақпен өтіп жатса, оған автоматты түрде айыппұл салынады.