Алматы полициясы азаматтық қару иелерін тексеріп жатыр

  • 120
  • 13.06.2025, 18:46

Алматының тәртіп сақшылары қару иелерін тексеріп жатыр.

Қалада 42 мыңға жуық адам ату қаруын ұстауға рұқсат алған. Олардың қолында 56 мыңнан аса қару жүр. Дені аңшы және спорт мылтықтары. Профилактикалық іс-шара жылына бір рет өтеді. Мұндағы мақсат – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сақтайтын сейфтері, жеке сәйкестендіру номерлері мен құжаттары толық тексеріледі. Заң бойынша 5 жыл сайын қаруды қайта тіркеп, тиісті анықтамаларды жаңартып отыру керек. Әр адамға 6 қарудан артық сатылмайды.

Бейбіт Жексенбиев, қалалық ПД ӘПБ Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы:

- Қару иелерін жылына бір рет тексереміз, одан бөлек іс-шара кезінде де қару иелері тексеріледі. Осы жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша 20 мыңнан астам қару иелері тексерілді. Тексеру барысында олардың қаруларының номер сәйкестігі, рұқсатнамасының уақытының келгені тексеріледі.