Биылдан бастап 14 мамандық бойынша педиатрия резидентурасы бөлінді. 2025 жылы алғашқы педиатрлар медицина универсиетін тәмамдады. Медицина жоғары оқу орындарының және студенттерінің шәкіртақылары ұлғайтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Медицина қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау туралы» Заң қабылданды.
Отандық медицина 382 мыңнан астам адам еңбек етеді. Саланың үздіктері құрметке бөленді. 68 маман «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды.
Жақсылық Досқалиев, медицина ғылымдарының докторы:
- «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген» атағын алу — мен үшін үлкен мәртебе. Осы уақытқа дейін халыққа жасаған көмегімнің бір түйіні іспетті. Дәрігерлік қызметте жүрген адам үшін бұл үлкен құрмет. Сондықтан да өте ризамыз, қуаныштымыз.
Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Медицина саласында қаржыландыруда өте көп қиындықтар бар. Соны Праламентпен, Есеп беру комитетімен бірігіп, тиісті шараларды қолданып отырмыз. Тағы бір мәселе – қауіпсіздік. Кейбіреулер оларға шабуыл жасайды. Оны қазір заңды түрде қарағалы отырмыз.