OzgeEpic хабында аутизмге арналған қойылым сахналанды

  • 421
  • 13.06.2025, 18:41

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге OzgeEpic алғашқы ірі креативті хабына барып, оның жұмысымен танысты. 

Шығармашылық топ аутизм жөнінде терең ой салатын «Құштар» қойылымын сахналады. Бұл OzgeEpic хабы мен Сенат жанындағы Сарапшылар клубы бірлесіп әзірлеген іргелі жоба. Оқиға желісінде аутизм ұғымы барлық саланы хабардар ету, өзара диалог пен әлеуметтік теңдікті нығайту тұрғысынан қарастырылады. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Осындай өзгеше балаларға, аутист балаларға, мүгедектігі бар балаларға үйрету керек. Айта кету керек, оқуына мүмкіндік ашу керек. Әрі қарай жұмыс істеуге жол ашып беруі керек. Қоғамға сеніп кетуге бір мүмкіндіктер жасауымыз керек. Сондықтан осындай балалармен жұмыс істеу – үлкен мәселелердің бірі.