Балқашта маса қаптап кетті

  • 46
  • 16.06.2025, 18:35

Қарағанды облысының туристік қаласы Балқашта маса қаптап кетті. Қансорғыш жәндіктер жасыл желекті аумақта ғана емес, тіпті үйлерге де кіріп елдің мазасын қашырады. Тұрғындар жергілікті биліктен дезинфекция жүргізуді сұраған. Қала әкімінің айтуынша, масаға қарсы улау жұмысы сәуір айында басталған. Мамыр айындағы кезекті дәрілеу қысқа мерзімде жасалған. Себебі 10 күндей жаңбыр жауыпты. Кейін күн ысығанда қанатты қансорғыштар қаптап кеткен. Қазір дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда. Әсіресе көл жағалауы, қоқыс төгілетін аумақ, жасыл желек пен қамыс арасы түгел дәріленіп жатыр. Маңайдағы Бұқты-Бертіс, Тораңғылық, Шұбартүбек туристік аумақтары да назардан тыс қалмаған.

Сапар Сатаев, Балқаш қаласының әкімі:

- Біз осы туристік уақыт біткенше қыркүйек айына дейін әр жұма сайын улау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сонымен қатар біздік анау қаланың сыртында тұрған шалшық сулар, водоемдар бар ғой сол жерлерде бактериялық әдіспен жұмыс жасайтын боламыз. Суға жіберіледі де, ол өзі ана масаның дернәсілдерін жеп бітіреді.