Қызылордада жазасын өтеушілер тігін кәсібін меңгеріп жатыр

  • 47
  • 16.06.2025, 18:41

Қызылордадағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тігін шеберханалары ашылып, жазасын өтеушілер осы кәсіп түрін меңгеріп жатыр. Бүгінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінде 50-ден астам сотталған адам жұмыс істейді. Олар қандай өнім түрлерін шығарады?  

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде екі тігін цехы бар. Мұнда 50 адам жұмыс істейді. Әрқайсысы күніне 2 арнайы киім тігеді. Сонымен қатар төсек жабдықтары мен қызметтік формалар да дайындалады. 42 жастағы Байқоңыр қаласының тұрғыны «тігін мәшинесінің қыр-сырын бір ай шамасында меңгеріп алдым» дейді. 

Жазасын өтеуші:

-Үйреніп алғаныма да өкінбеймін. Келешекте де керек деп осындай шешім қабылдап, осы тігінді үйреніп алдым. Қазіргі біздің отырған машиналар, соңғы машиналар, алдыңғыға қарағанда жақсы. Тігуге де оңай. 

Бүгінде тігін өнімдеріне сұраныс жоғары. Сондықтан болар биыл мекеме аумағынан екінші тігін шеберханасы ашылған. Мұнда 25 сотталған жұмыспен қамтылып отыр. «Тапсырыс уақытылы орындалады. Өнім сапасы жоғары. Бұл бастама сотталғандарды еңбекпен қамтып қана қоймай, олардың болашақ кәсібін бастауына да жол ашады. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді»,дейді мамандар.

Шәймерден Есенгелдиев, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы:

-Былтырдан қарағанда 20 пайызға сотталғандарымыз жұмыспен қамтылды. Ол жұмыспен қамтылған, сотталған азаматтарымыз өздерінің жалақыларын өздеріне керек заттарына, өздерінің туысқандарына және мемлекеттік атқару парақтары бар қарыздарын өтеуге және жәбірленушілердің қарыздарын өтеуге жұмсайды. 

Қазір бұл мекемеде 900-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Оның жартысына жуығы жұмыспен қамтылған. Мамандардың айтуынша, 14 өндірістік цех мекеме аумағында жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы бірнешеуі іске қосылмақ. 

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев