Елде көмір-химия зауыты салынуы мүмкін

  • 240
  • 16.06.2025, 18:36

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың алпауыт кәсіпорыны Шаньдун Energy Group басқармасының төрағасы Ли Вэймен кездесіп, зауыт салу мәселесін талқылады. Тараптар Қарағанды облысындағы қара отыннан газ өндіретін көмір химия зауытының құрылысы бойынша бірлескен жоспарын пысықтады. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 2 млрд текше метр. Кәсіпорын іске қосылса, 1,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, Қазақстандағы көмір-химия саласының дамуына жаңа серпін береді.