Алматыда «Арыстан» базарының бір бөлігі сүріліп жатыр. Мұны қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Базар «Ақсай-4» шағынауданында орналасқан. Жоспардан тыс жүргізілген тексеру кезінде «Арыстан» базарының бір бөлігі рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Осы уақытқа дейін қалайша ешкімнің байқамағаны белгісіз. Енді сот шешімімен сауда орнының 2 мың шаршы метрден асатын бір бөлігі бұзылып жатыр. Соңғы жылдары Алматыда құжатсыз салынған құрылысқа бақылау күшейді