Рақымшылық туралы заң жобасы: қоғам пікірі екіге бөлінді

  • 47
  • 17.06.2025, 18:36

Жазасын өтеушілерге рақымшылық жасау туралы қабылданған заң жобасына тұрғындар түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі қолдаса, енді бірі: «Бұл мәселе жіті қаралып, «заң мен тәртіп» қағидаты сақталуы керек», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң қабылданды. 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Оның ішінде 4 мың 100 адам түзеу мекемесінен бостандыққа шығады. Сонымен қатар сотталған азаматтардың белгілі бір санатына жаза мерзімін қысқарту да қарастырылған. Депутаттардың айтуынша, бұл қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға гуманизм көрсету.

Блиц-сауалнама:

- Дұрыс деп ойлаймын. Әркімнің әртүрлі жағдайы бар, қателіктері бар шығар. Кешірімді болу керек шығар деп ойлаймын. Соның ішінде әсіресе әйелдерге қиын шығар.

- Барлығын бірдей шығару дұрыс емес шығар. Біз олардың қандай жазамен отырғанын білмейміз ғой. Ал енді адам өлтірген, зорлық жасағандардың шығарудың қажеті жоқ шығар.

- Жеңіл жазаға кесілген адамдарды, мүмкін, кешіруге болатын шығар, бірақ ауыр қылмыс жасаған, адам өміріне қауіп төндірген қылмыскерлерді бостандыққа шығару – қауіпті.