Алматыда 15 мыңнан аса мопед тіркеуден өтті. 95 проценті көлік құралына нөмір мен жүргізуші куәлігін алған. Нәтижесінде екі дөңгелекті техниканының кесірінен болатын жол-көлік оқиғасы азайған.
Естеріңізге сала кетейік, «Жол қозғалысы туралы» заңға енген өзгертуге сәйкес 5-ші сәуірден бастап тіркелмеген мопедті тізгіндеуге болмайды. Содан бері Алматыда заң бұзған 5 мыңға жуық мопед иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 мың көлік айып тұрағына қойылған.
Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
- Иә, жағдай реттелді. Жағдай тұрақты десек те болады. Нөмір алуға ондай кезек жоқ. Бір 90 минуттың ішінде осы мемлекеттік қызметті мамандандырылған халыққа көрсету орталығында алуға болады. Көбінесе бұзбайды. Әрине, айыппұл келеді ғой. Жолда жылдамдықты да асыра алмайды.