Құрылыс «Нұр жолы» өткізу бекетінің маңында жүргізіледі.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесуінде айтты. Жоба шекара маңындағы инфрақұрылымды жақсартуға, көлік өткізу қабілетін арттыруға және қазіргі жүктемені азайтуға бағытталған. Айналма жолдың ұзындығы 3,2 шақырым, ені 12 метр болады. Ол 100 тоннадан асатын ауыр және ірі жүктері бар көліктерге арналады. Сонымен қатар 81,6 гектар жерге көлік тұрақтары салынады. Барлық құрылыс жұмыстары компанияның жеке қаражатына жүргізіледі. Жобаның жалпы құны — шамамен 50 млн доллар.
Людо Саренс , Sarens директорлар кеңесінің төрағасы:
- Біздің компания Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді және жақында Қорғас шекарасында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан арасындағы көлік ағынының көптігіне байланысты бұл жерде айтарлықтай кептелістер туындап отыр. Мәселен, жоба арқасында оң шешілмек. Қазақстан Үкіметінің бұл жобаны толығымен қолдап отырғанына біз өте қуаныштымыз