Келелі кеңеске 20-дан аса шағын шаһардың әкімдері, вице-министрлер мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Жиында моноқалалардың даму тенденциялары, экономика құрылымын нығайту саласындағы өзекті міндеттер қаралды. Жол картасын қалыптастыру, Smart City цифрлық шешімдері мен жобаларын енгізудің маңыздылығы атап өтілді.
Басқосудың Саранда өтуі тегін емес. Бүгінде өнеркәсіптік қуаты артып келе жатқан қаланың оң тәжірибесі көпке үлгі ретінде таныстырылды. Құрылған индустриялық аймағы жемісті нәтиже беріп, шағын шаһар тізімінен шығарылған. Соңғы 5 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,6 есе өскен. Өңдеу саласының үлесі 92%-ке жетті. Жыл соңына дейін қала қазынасына 76 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.