Ғалымдардың жеке қоры ашылды

  • 30
  • 18.06.2025, 18:34

Ұлттық архивте белгілі қазақстандық ғалым-дәрігерлер Нәзира Ахматуллина мен Нұрлан Батпеновтың жеке қоры ашылды.

Ұрпағы мұрағатқа 250-ден астам құжат тапсырған. Оның ішінде ғылыми еңбек, авторлық патент, фотосурет пен түрлі медаль бар. «Бұл материалдар екі көрнекті ғалымның жеке мұрасын ғана емес, қазақстандық медицина тарихындағы тұтас дәуірді бейнелейді», - дейді ұйымдастырушылар.

Әсия Керімтаева, ҚР Ұлттық архивінің жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы:

- Медицина күні қарсаңында ақхалатты абзал жандардың құжаттары елеусіз қалмауы керек. Олардың еңбегін халық біледі, жүректерінде сақтайды. Дегенмен қазір құжат сөйлейтін заман. Сондықтан бұл кісілердің балалық шағынан бастап жинақталған құжаттары – олардың өмір жолын бейнелейтін маңызды дерек.