Павлодарда қазақ әйелінің баскиімі – кимешекке арналған алып инсталляция халықаралық рекордтар кітабына енді. Осылайша 4 метрлік кимешек ұлттық мәдениет пен руханияттың символына айналды. Кимешек күміс және металл тиынмен, інжу-маржан сияқты асыл таспен безендірілген. Екі мыңға жуық әшекей қолданылыпты. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде кимешек тұрмыстағы әйелдің отбасындағы және қоғамдағы мәртебесін білдірген.
Жобаның авторы — белгілі дизайнер-шебер Гүлайым Ақымбаева. Ұлттық дәстүр мен қазақы құндылықтарды дәріптеген шараға ақ кимешек киген екі жүзге жуық ана қатысты
Айжан Әбсаттарова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ҚБ төрағасы:
- Бір ғана үлгімен жиырмаға жуық «Ақ жаулығым – киелі» деген байқауға қатысып барып, сол жиырма ананың қолынан шыққан жаулықты киіп шығып жатырмыз. Ұзындығы 4 метрге жуық ақ жаулықты кимешектің барлық тігістерін егжей-тегжейлі айтып, экраннан көрсетеміз.