«Заң мен тәртіп» туы 4120 метр биік шыңға тігілді

  • 35
  • 23.06.2025, 18:40

Құқық қорғау органдары қызметкерлері Алматы облысындағы 28 гвардияшы панфиловшылар шыңын бағындырды. Теңіз деңгейінен 4120 метр биіктікке «Заң және тәртіп» жалауы тігілді. Ішкі істер министрлігі, бас прокуратура, қаржылық мониторинг агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен құралған топ сапарын сәтті аяқтады. Заң үстемдігі жоғары саналатын мемлекетте тұрақтылық, даму және болашаққа деген сенім бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Заң мен тәртіп әділетті мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өткен еді. Онсыз экономика дамуы, инвестиция тарту және халықтың сенімі мүмкін емес. Әділдік қоғамның қалыпты жағдайына айналуға тиіс, ал заңсыздыққа жол жоқ. Тек осылай ғана әр азамат өзін қауіпсіз сезінетін заманауи мемлекет құруға болатынын айтқан.