Жасөспірімдер жүктілігі азаймай тұр

  • 24
  • 20.06.2025, 18:46

Елде жыл сайын 2800-ге жуық жасөспірім жүктілік бойынша есепке тұрады.

Бұл туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысында белгілі болды. Жиын комиссия төрағасы Аида Балаеваның қатысуымен өтті. Мәдениет және ақпарат министрінің сөзінше, ерте жүктілік әсіресе Маңғыстау, Қостанай, Алматы облыстарында көп тіркеледі. Сондықтан алдағы уақытта комиссия аталған өңірлерде көшпелі отырыстар өткізуі мүмкін.

Жалпы елде былтыр 14 және одан кіші жастағы 22, ал 15 және 18 жас аралығындағы 1 мың 500-ге жуық жасөспірім ана атанған.

Аида Балаева, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Көбіне мұндай жағдайда жасөспірімдер ата-аналарымен сөйлесуге қысылады. Сондықтан ұлттық комиссия мен Оқу және ағарту министрлігі бірге саланың үздік мамандарын жинап, қыздарға қолжетімді курстар мен консультациялар жасау керек деп ойлаймын.