23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

  • 42
  • 23.06.2025, 18:44

Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні. Салада 84 мыңнан астам маман еңбек етеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, олардың орташа жасы 40-та, ал еңбек өтілі 12 жылға жуықтайды. Саладағы әйелдердің үлесі ерлерден басымырақ, 55,8% жеткен. Дегенмен басшылық лауазым көбіне ерлердің мойнына жүктелген. Онда 61% қызмет атқарады. Мемлекеттік органдарда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да жұмыс істейді. Қазіргі уақытта олардың саны 900-ден асады.